«Қазақстан үміті» республикалық байқауындағы жетістік.

«Қазақстан үміті» республикалық байқауындағы жетістік. Алматы қаласында өткен «Қазақстан үміті» X республикалық жас өнерпаздар байқауында Семей қаласының «Тоқтамыс» оңалту орталығының тәрбиеленушілері жоғары нәтиже көрсетті. Жас дарындарды өнер арқылы тәрбиелеудегі үздік еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін Альханова Жаныл Рахметуллаевна Алғыс хатпен марапатталды. Оның шәкірттері: Тілеуберді Батыр Мақсатұлы – «Аспапта орындаушылық өнері – домбыра» номинациясы бойынша Бас…

«Қазақстан үміті» X Республикалық жас өнерпаздар байқауы.

Қазақстан Республикасының «Жеті өнер» шығармашылық орталығы ұйымдастырған «Қазақстан үміті» X Республикалық жас өнерпаздар байқауында Семей қаласы «Тоқтамыс» оңалту орталығының ұжымы жоғары кәсіби шеберліктің үлгісін көрсетіп, I дәрежелі лауреат атағына ие болды! Байқауға қатысқан «Жалында» ансамблінің мүшелері: 1. Дүкенова Данара Қанатовна 2. Амангелді Айболсын Амангелдіұлы 3. Джакупова Райгүл Уркимбаевна 4. Бикенова Гүлжан Жанарбековна 5. Зарықбаева Гүлнар…

Пациенттер Қордың мобильді қосымшасында медициналық қызметті алғанын растай алады.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшысы Айдын Құлсейітов Үкімет отырысында Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы жаңартудан өтіп жатқанын айтты. Онда пациенттің рөлі трансформациядан өтіп, медициналық қызметтердің сапасы мен көрсетілуін бақылау жүйесіндегі негізге айналмақ. Қор Qoldau 24/7 мобильді қосымшасының жаңа нұсқасын әзірлеуде. Оны жылдың соңына қарай іске қосуды жоспарлап отыр. Пайдаланушылар жеке кабинет арқылы барлық қажетті ақпаратқа қол…

Медициналық реабилитация саласындағы кәсіби ынтымақтастықты дамыту.

«Тоқтамыс» оңалту орталығында маңызды кездесу өтті — орталыққа медицина ғылымдарының докторы (MD, PhD), Назарбаев Университеті Медицина мектебінің Спорттық медицина және реабилитология магистрлік бағдарламасының қос директоры Рахманов Елтай Өтемұратұлы (Астана қ., Қазақстан) келді. Сапар барысында құрметті қонақ орталықтың қызметімен, мамандардың жұмыс үдерісімен, оңалту бағдарламаларының өткізілу жағдайларымен және заманауи жабдықталуымен танысты. Сондай-ақ пациенттерді оңалтудың көпсалалы тәсілдері мен…

Халықаралық әріптестік аясындағы маңызды кездесу «Тоқтамыс» орталығында өтті.

2025 жылы 3 қазанда «Тоқтамыс» оңалту орталығында ерекше маңызды кездесу өтті. Орталыққа эрготерапевт, тәуелсіз кеңесші, Қазақстан Эрготерапия қауымдастығының президенті Петра Маргел (Алматы, Қазақстан–Австралия) ресми сапармен келді. Сапар барысында қонақ орталықтың қызметімен, мамандардың жұмыс бағыттарымен және оңалту үдерістерінің ұйымдастырылуымен жан-жақты танысты. Сонымен қатар, Петра Маргел ханым кабинеттердің заманауи жабдықталуына, балалардың даму бағдарламаларына және қолданылып жүрген оңалту…

Ең қастерлі мерекелердің бірі – Мұғалімдер күні.

Біздің орталығымызда да еліміздегі ең қастерлі мерекелердің бірі – Мұғалімдер күні ерекше атап өтілді. Бұл күн – жай ғана мереке емес, әр адамның өмірінде терең із қалдыратын, балалық шақтан бастап үлкен өмірге қадам басуға дейін жол сілтеп, бағыт-бағдар берген ұстаздарға деген алғыс пен құрметтің белгісі. Орталығымызда бұл күнді дәстүрге сай ерекше форматта атап өттік. Әртүрлі…

XII Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция (халықаралық қатысумен)

2025 жылғы 26–27 қазанда Астана қаласында «Реабилитология мен курортологияның басым бағыттары» тақырыбында XII Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция (халықаралық қатысумен) өтті. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, «Реабилитологтар мен курортологтар қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі және ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік қорғау саласын дамытудың ұлттық ғылыми орталығы» ШЖҚ РМК ұйымдастырды. Конференция жетекші мамандарды,…

Қадірлі қазыналы қарттарымыз!

1 қазан – Халықаралық Қарттар күніне орай «Тоқтамыс» реабилитациялық орталығының ұжымы сіздерді шын жүректен құттықтайды! Бұл күн – бар ғұмырын еңбекке арнап, ұрпаққа ақыл-парасатымен үлгі болған қарттарымызға деген ерекше құрмет пен алғыс күні. Сіздердің әрбір ақыл-кеңестеріңіз – біз үшін қымбат қазына. Осы мерекеге орай орталығымыздың ұжымы арнайы сыйлықтар дайындап, қарттарымызға тарту етті.Бұл – біздің шынайы…

Ортездеу мәселелерінің өзектілігі.

22–26 қыркүйек аралығында біздің Орталығымыздың емдеу жұмыстары жөніндегі директор орынбасары Даирбеков Ернар Ертуғанұлы «Ортездеудің өзекті мәселелері» тақырыбы бойынша Астанадағы Ұлттық балаларды оңалту орталығы базасында 36 сағаттық тағылымдамадан өтті. Оқыту медициналық мамандардың біліктілігін арттыру бағдарламасы аясында өткізілді және балаларды оңалтудың заманауи ортездеу тәсілдерін зерделеуге бағытталды. Тағылымдаманы сәтті аяқтағаны үшін Ернар Ертуғанұлына курсты меңгергенін растайтын тиісті сертификат…

Біздің білікті мамандарымыз

«Тоқтамыс» балаларды оңалту орталығында өз ісіне адал, кәсіби мамандар көп еңбек етеді. Бүгін сіздерді солардың бірі — ЭЭГ кабинетінің мейіргері Рақымбек Амина Даниярқызымен таныстырғымыз келеді. Амина 2023 жылы «Авиценна» медицина колледжін «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтаған. Өз еңбек жолын шұғыл медициналық жәрдем станциясында диспетчер болып бастаған — бұл адамның тағдыры шешілетін, әр секунд маңызды саналатын,…