Біздің орталығымызда да еліміздегі ең қастерлі мерекелердің бірі – Мұғалімдер күні ерекше атап өтілді. Бұл күн – жай ғана мереке емес, әр адамның өмірінде терең із қалдыратын, балалық шақтан бастап үлкен өмірге қадам басуға дейін жол сілтеп, бағыт-бағдар берген ұстаздарға деген алғыс пен құрметтің белгісі.
Орталығымызда бұл күнді дәстүрге сай ерекше форматта атап өттік. Әртүрлі ойындар мен көңілді сайыстар, әсерлі құттықтаулар мен жылы лебіздер айтылды.
Біздің орталық атынан барлық мұғалімдерді осы керемет мерекемен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздерге мықты денсаулық, толайым бақыт, шығармашылық табыс тілейміз.







