2026 жылы МӘМС кімдер үшін қолжетімді болады?

Қазір Қазақстанда 3,6 миллионға жуық адам МӘМС жүйесіне қатыспайды. Олардың шамамен 1 миллионы – әлеуметтік жағдайы дағдарыстық (D) және шұғыл (E) деңгейдегі тұрғындар. Яғни олардың МӘМС жарналарын төлеуге мүмкіндігі жоқ. 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұл азаматтар үшін МӘМС жарналарын жергілікті атқарушы органдар төлейді. Осылайша оларға сақтандырылған мәртебесі беріліп, МӘМС аясында қажетті медициналық көмек ала…

Көз операциялары: МӘМС аясында не істеуге болады?

Егер көру қабілетіңіз нашарласа, алдымен емханадағы учаскелік дәрігерге жүгініңіз. Ол жағдайыңызды бағалап, көрсеткіштер болса, офтальмолог дәрігерге жолдама береді. Алдымен бастапқы тексерулер жүргізіледі. Офтальмолог тексеру нәтижелері бойынша операция немесе басқа емдеу тәсілінің қажеттілігін анықтайды. Емдеу форматы: – Амбулаторлық ем; – Күндізгі стационар – операциялар, соның ішінде көздің мөлдір қабығын ауыстыру; – Түнгі стационар – глаукома және…

«Заманауи реабилитациялық жабдық» тақырыбындағы оқу-семинарына қатысу.

«Тоқтамыс» орталығының қызметкері Альханова Жаныл «Заманауи дамытушы, реабилитациялық, компенсаторлық және көмекші құрал-жабдықтар: мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған» атты арнайы оқу-семинарына қатысып, кәсіби біліктілігін арттырып келді. Аталған семинар 2025 жылғы 27–28 қарашада Алматы қаласында өтіп, оқыту бағдарламасын педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «САТР орталығы» ЖШС директоры Сүлейменова Р. А. жүргізді. Семинар барысында қатысушылар жаңа үлгідегі реабилитациялық әрі дамытушы…

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік форумға қатысу туралы ақпарат.

2025 жылғы 28 қарашада Семей қаласында «Шәкәрім университеті» КеАҚ базасында «Инклюзия: тең мүмкіндіктер кеңістігі» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік форум өтті. Іс-шараға Абай облысы білім басқармасының өкілдері, білім беру ұйымдарының мамандары, жоғары оқу орындарының оқытушылары, сондай-ақ инклюзивті білім беру саласының отандық және шетелдік сарапшылары қатысты. Форум аясында инклюзивті білім берудің заманауи даму бағыттары, ерекше білім беру қажеттіліктері…

Тоқтамыс орталығында қуанышты жаңалық!

Тоқтамыс орталығында қуанышты жаңалық! Тоқтамыс орталығында ерекше күтімді қажет ететін балаға көрсетілген жүйелі әрі кешенді қолдаудың нәтижесінде үлкен жетістікке қол жеткізілді. Бала біраз уақыт бойы ЛФК, емдік массаж және жеке оңалту бағдарламасынан тұрақты түрде өтті. Мамандардың кәсіби еңбегі мен ата-анасының қолдауының арқасында бала өз бетімен жүріп, алғашқы қадамдарын жасай бастады. Бұл біздің орталық үшін де,…

Сізге медициналық көмек көрсетуден бас тартса, қайда жүгіну керек?

Егер сізге медициналық көмек көрсетуден себепсіз бас тартылса немесе медициналық көмек алу кезінде қиындықтар туындаса, сол емханадағы Пациенттерді қолдау және ішкі сараптама қызметіне жүгіну қажет. Ол жерде мәселеңіз шешілмеген жағдайда Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының келесі байланыс арналарының біріне өтініш қалдыра аласыз: – Қордың msqory.kz ресми сайты – Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы – Telegram-дағы @SaqtandyrýBot –…

Ашық есік күні.

Шала туылған балалар күніне орай «Тоқтамыс» балаларды оңалту орталығында әр жыл сайын ұйымдастырылатын «Ашық есік күні» өтті. Бұл күндері кішкентай пациенттер орталықтың жетекші мамандарынан тегін қабылдау мен кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Күні бойы балаларға реабилитологтар, кардиолог, неонатолог, травматолог, невропатолог, пульмонолог қабылдау жүргізіп, кеңестерін берді. Әрбір балаға кешенді тексеру жүргізіліп, толыққанды консультация берілді, сондай-ақ ары…

«Тоқтамыс» орталығы маманының біліктілігі жаңа деңгейде.

«Тоқтамыс» оңалту орталығының қызметкерлері өз кәсіби деңгейін үнемі жетілдіріп, медициналық саладағы заманауи талаптарға сай білім алуға ерекше мән береді. Орталықтың маманы Рахымбек Амина Даниярқызы 2025 жылдың 20 қазанынан 3 қарашасына дейін «Республикалық Медициналық Академиясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Сестринское дело в функциональной диагностике» бағыты бойынша 120 сағаттық біліктілікті арттыру курсынан өтті. Бағдарлама «Лечебное дело (фельдшер, фельдшер…

«Ғылым мен практиканы ұштастыру: орталық дәрігерінің халықаралық жетістігі»

Біздің орталықтың дәрігерлері тек практикалық жұмыспен ғана шектелмей, ғылым саласында да өздерін жоғары деңгейде көрсетіп келеді. Соның айқын дәлелі ретінде, жақында орталығымыздың дәрігер-реабилитологы Алибек Ернар Николаевич II Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға («Реабилитация және спорттық медицинадағы заманауи үрдістер», 13–14 қараша 2025 ж.) қатысып, өзінің ғылыми жұмысын ағылшын тілінде ұсынып, кәсіби біліктілігі мен ғылыми зерттеуге деген ынтасын танытты.…

«Танысу және қайта жүктелу» атты пайдалы тренинг.

Біздің орталықтың психологтары өз ұжымына «Танысу және қайта жүктелу» атты қысқа, бірақ өте пайдалы тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты — эмоционалдық жеңілдік қалыптастыру, сенімді арттыру және ұжым ішіндегі бірлікті нығайту болды. 20 минутқа созылған бұл шағын іс-шара жылы, жеңіл атмосферада өтті. Тренинг амандасу мен көңіл күй орнатудан басталды. Қатысушылар күнделікті қарбаластан аз уақытқа алыстап, өздеріне қамқорлық…