1 қазан – Халықаралық Қарттар күніне орай «Тоқтамыс» реабилитациялық орталығының ұжымы сіздерді шын жүректен құттықтайды!
Бұл күн – бар ғұмырын еңбекке арнап, ұрпаққа ақыл-парасатымен үлгі болған қарттарымызға деген ерекше құрмет пен алғыс күні. Сіздердің әрбір ақыл-кеңестеріңіз – біз үшін қымбат қазына.
Осы мерекеге орай орталығымыздың ұжымы арнайы сыйлықтар дайындап, қарттарымызға тарту етті.Бұл – біздің шынайы алғысымыз бен ықыласымыздың шағын белгісі ғана.
Ардақты қарттарымызға зор денсаулық, ұрпақтарының қуанышын көруді, жүректерінде шаттықтың көп болуын тілейміз. Жүздеріңіз әрдайым нұрға толып, ортамыздың абыройы болып жүре беріңіздер!
Құрметпен,
«Тоқтамыс» реабилитациялық орталығының ұжымы.

