Балалар невропатологына жазылу жүргізілуде

Құрметті пациенттер! Біздің Орталығымызда невропатолог-дәрігер Бақытжан Әлібекқызы Әлібекова қабылдаулар жүргізеді. Дәрігердің жолдамасы бойынша қабылдау тегін. Ақылы қабылдау құны: бастапқы қабылдау-6500 теңге. Қайта қабылдау-3250 теңге. Жазылу +7(7222)35-52-72 және +7(771)929-12-75 нөмірлері бойынша жүргізіледі.

Эпилептолог-невропатологқа жазылу жүргізілуде

Құрметті пациенттер және олардың ата-аналары! 6-8 қараша аралығында біздің Орталығымызда эпилептолог-невропатолог Сұлтанбаева Динара Аблековна қабылдау жүргізеді. Қабылдау бағасы – 15 мың теңге. Алдын ала төлем 100%.

Оқыту семинары өтті

Бүгін біздің Орталығымызда стационарлық жағдайда церебральды сал ауруымен ауыратын науқастарды оңалтуға арналған оқыту семинары өтті. Оңалту мамандары аурудың ерекшеліктерін, әдістерін, сондай-ақ емдеу алгоритмдерін және олардың тиімділігін талқылады. Сондай-ақ, кездесу барысында клиникалық жағдайлар да қаралды.

Қабылдауға жазылу жүргізілуде!

Құрметті пациенттер! Біздің орталығымызда дәрігер-нефролог, педиатр қабылдау жүргізеді. Бағыт бойынша қабылдау тегін. Ақылы негізде алғашқы қабылдау-6500 теңге. Қайталама қабылдау-3250 теңге. Біз сіздерді күтеміз!

Неврологиялық ауруларды диагностикалаудағы, емдеудегі және оңалтудағы жаңа мүмкіндіктер

25-27 қыркүйекте біздің орталықтың директоры, неонатолог, жоғары санатты педиатр, дәрігер-реабилитолог, балалар невропатологы Әлия Әлімбаева Астанада «Неврологиялық ауруларды диагностикалауда, емдеуде және оңалтуда көпсалалы тәсіл» атты халықаралық конференция жұмысына қатысты. Конференция жұмысына делегаттар қатарында тек Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар жақын және алыс шет елдердің жетекші ғылыми орталықтарының, клиникаларының өкілдері де қатысты. Халықаралық конференция барысында оңалту көмегінің…

Абай облысының балаларды оңалтуды дамыту мүмкіндіктері мен перспективалары

Осы күндері Семей Медицина Университеті жанындағы клиникалық комитеттің кезекті отырысы өтті, оның барысында біздің Орталығымыздың директоры, неонатолог, жоғары санатты педиатр, дәрігер-реабилитолог, балалар невропатологы Әлия Әлімбаева Абай облысы бойынша балаларды оңалтудың жай-күйі туралы баяндама жасады. «Балаларды оңалту» бағыты бойынша медициналық көмек көрсететін Абай облысының медициналық ұйымдары бойынша 2024 жылғы 6 айдағы есеп, олардың жарақтандырылу және кадрлармен…