2025 жылы 3 қазанда «Тоқтамыс» оңалту орталығында ерекше маңызды кездесу өтті. Орталыққа эрготерапевт, тәуелсіз кеңесші, Қазақстан Эрготерапия қауымдастығының президенті Петра Маргел (Алматы, Қазақстан–Австралия) ресми сапармен келді.
Сапар барысында қонақ орталықтың қызметімен, мамандардың жұмыс бағыттарымен және оңалту үдерістерінің ұйымдастырылуымен жан-жақты танысты. Сонымен қатар, Петра Маргел ханым кабинеттердің заманауи жабдықталуына, балалардың даму бағдарламаларына және қолданылып жүрген оңалту әдістемелеріне ерекше қызығушылық білдірді.
Кездесу барысында эрготерапия мен оңалту саласындағы өзекті мәселелер мен инновациялық тәсілдер талқыланды. Тараптар кәсіби тәжірибе алмасып, халықаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту жолдарын қарастырды.
Осындай кездесулер тәжірибе мен білім алмасуға, кәсіби байланыстарды кеңейтуге және оңалту қызметтерінің сапасын арттыруға зор мүмкіндік береді.
Кездесу соңында орталық басшылығы Петра Маргел ханымға алғысын білдіріп, алдағы уақытта серіктестікті жалғастыру ниетін жеткізді. Бұл сапар екіжақты тиімді ынтымақтастықтың жаңа кезеңінің бастамасы болып, еліміздегі оңалту көмегінің дамуына өз үлесін қосатынына сенімдіміз.







