«Қазақстан үміті» республикалық байқауындағы жетістік.
Алматы қаласында өткен «Қазақстан үміті» X республикалық жас өнерпаздар байқауында
Семей қаласының «Тоқтамыс» оңалту орталығының тәрбиеленушілері жоғары нәтиже көрсетті.
Жас дарындарды өнер арқылы тәрбиелеудегі үздік еңбегі мен кәсіби шеберлігі үшін
Альханова Жаныл Рахметуллаевна Алғыс хатпен марапатталды.
Оның шәкірттері:
Тілеуберді Батыр Мақсатұлы – «Аспапта орындаушылық өнері – домбыра» номинациясы бойынша
Бас жүлде иегері,
Тілеуберді Бекарыс Мақсатұлы – «Аспапта орындаушылық өнері – домбыра» номинациясы бойынша
II дәрежелі лауреат атанды.
Бұл жетістік – Жаныл Рахметуллаевнаның кәсіби еңбегінің,
сондай-ақ «Тоқтамыс» оңалту орталығы ұжымының жүйелі жұмысы мен тәрбиеленушілердің табандылығының нәтижесі.
Құттықтаймыз!
Шәкірттерге шығармашылық шабыт, биік белестер мен жаңа жеңістер тілейміз!







