«Тоқтамыс» оңалту орталығында маңызды кездесу өтті — орталыққа медицина ғылымдарының докторы (MD, PhD), Назарбаев Университеті Медицина мектебінің Спорттық медицина және реабилитология магистрлік бағдарламасының қос директоры Рахманов Елтай Өтемұратұлы (Астана қ., Қазақстан) келді.
Сапар барысында құрметті қонақ орталықтың қызметімен, мамандардың жұмыс үдерісімен, оңалту бағдарламаларының өткізілу жағдайларымен және заманауи жабдықталуымен танысты. Сондай-ақ пациенттерді оңалтудың көпсалалы тәсілдері мен жеке бағдарланған бағдарламалар құру тәжірибесі талқыланды.
Кездесу барысында кәсіби ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу және оңалтудың заманауи әдістерін енгізу мәселелері бойынша өзара пікір алмасу өтті. Тараптар медициналық оңалту сапасын арттыру мен мамандардың кәсіби құзыреттілігін жетілдіру бағытында ғылыми-практикалық ынтымақтастықты жалғастыруға қызығушылық танытты.
Мұндай кездесулер білім беру және клиникалық ұйымдар арасындағы әріптестік байланыстарды нығайтуға, үздік тәжірибелермен алмасуға және ұлттық деңгейде оңалту қызметінің сапасын арттыруға зор мүмкіндік береді.







