БАЛАҢЫЗДЫҢ ЖҮРЕГІНЕ ҚАМҚОРЛЫҚ — ДЕНСАУЛЫҚТЫ БОЛАШАҚТЫҢ НЕГІЗІ

«Тоқтамыс» оңалту орталығында балалардың жүрек денсаулығына ерекше көңіл бөлінеді. Бала ағзасы үнемі өсіп, дамып отыратындықтан, жүрек-қантамыр жүйесінің жағдайын уақытылы бақылау өте маңызды. Балада жүрек аймағында ауырсыну, жүрек соғысының жиілеуі немесе ырғағының бұзылғанын сезіну, жүрек тұсында жағымсыздық, әлсіздік немесе басқа да мазалайтын белгілер байқалса, маманға уақытылы қаралу қажет. 1. БАЛАЛАР КАРДИОЛОГЫНЫҢ ҚАБЫЛДАУЫ Орталығымызда балаларға медициналық тексеру…

«ДЕНСАУЛЫҚҚА ЖАСАЛҒАН ҮЛКЕН ҚАДАМ — НАҚТЫ КӨМЕКТЕН БАСТАЛАДЫ»

Әр санның артында уақтылы медициналық көмек пен тұрақты емді қажет ететін адам тағдыры тұр. Суретте 2025 жылы қант диабеті мен орфанды аурулар бар пациенттерге көрсетілген көмек туралы деректер жинақталды: амбулаторлық және стационарлық ем, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және қымбат бағалы терапия. Бұл көрсеткіштер — жай ғана сандар емес. Олардың артында денсаулығын қалпына келтіруге мүмкіндік алған мыңдаған…

QALQAN ЦИФРЛЫҚ СЕРВИСІ: МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДАҒЫ ЖАҢА КЕЗЕҢ

Медицина қызметкерлері бұрыннан қалыптасқан медициналық ақпараттық жүйелерде жұмысын әрі қарай жалғастыра беретініне атап өту маңызды. Qalqan көрсетілген медициналық көмек туралы қажетті мәліметтерді ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алады, деректерді қайтадан қолмен енгізу қажеттілігі жоқ, әрі медицина қызметкерлері емдеу жұмысынан алаңдамайды. Бірінші кезеңде медициналық көмекке төлем жасау процесін цифрлық платформаға көшіру жүргізілуде. Бүгінгі таңда Qalqan арқылы төлем…

НЕЛІКТЕН МӘМС ЖҮЙЕСІ — ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҚАҒИДАСЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН?

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) көпшілік жеке шот сияқты қабылдайды: адам тұрақты түрде жарна төлейді де, кейін сол төлеген сомасына сәйкес медициналық көмек алады деп ойлайды. Алайда МӘМС жүйесі басқа қағидаға — ынтымақтастыққа негізделген. Қазіргі медицина қомақты шығынды талап етеді. Күрделі операциялар, онкологиялық ауруларды емдеу, ағза трансплантациясы, кардиохирургия, нейрохирургия, сондай-ақ шала туған нәрестелерді күту ондаған…

Біздің «Тоқтамыс» балаларды оңалту орталығы 2026 жылғы 18–19 маусым күндері денсаулық сақтау саласындағы ұлттық сапа стандарттарының талаптарына сәйкестігі бойынша сыртқы аккредиттеуден сәтті өтіп, ЖОҒАРЫ САНАТҚА ие болды!

Достар! Сіздермен қуанышты жаңалығымызды бөліскіміз келеді! Біздің «Тоқтамыс» балаларды оңалту орталығы 2026 жылғы 18–19 маусым күндері денсаулық сақтау саласындағы ұлттық сапа стандарттарының талаптарына сәйкестігі бойынша сыртқы аккредиттеуден сәтті өтіп, ЖОҒАРЫ САНАТҚА ие болды! Бұл — бүкіл ұжымымыздың кәсібилігі, қажырлы еңбегі, бірлескен жұмысы және әрбір пациентке деген ерекше қамқорлығымыздың нәтижесі. Біз үшін бұл — жетістіктеріміздің мойындалуы…

QR-КОД АРҚЫЛЫ КЕЛГЕНІҢІЗДІ РАСТАҢЫЗ! Сіздің пікіріңіз маңызды!

Медициналық көмектің сапасы – біздің басты назарымызда! ОҢАЙ ӘРІ ЫҢҒАЙЛЫ Медициналық ұйымдағы QR-кодты eGov Mobile қосымшасы арқылы сканерлеп, келгеніңізді растаңыз. Бұл мүмкіндік пациенттің медициналық қызмет сапасын бақылауға қатысуына және медициналық ұйымдармен қарым-қатынастың ашықтығын арттыруға көмектеседі. ЖЕКЕ КАБИНЕТТЕ АҚПАРАТТЫ БАҒАЛАҢЫЗ Жеке кабинетіңізде медициналық ұйымға барғаныңыз және көрсетілген медициналық қызметтер туралы ақпарат көрсетіледі. Егер көрсетілген ақпарат сізге…

«ТОҚТАМЫС» ОРТАЛЫҒЫНДА ТӘЖІРИБЕЛІ ДӘРІГЕР-НЕВРОПАТОЛОГ ҚАБЫЛДАУ ЖҮРГІЗЕДІ

Құрметті достар! «Тоқтамыс» оңалту орталығында дәрігер-невропатолог Рахметова Анара Сайлаугалиевна қабылдау жүргізеді. Дәрігер-невропатолог Еңбек өтілі – 14 жыл Қабылдау құны: Жолдамамен — ТЕГІН Ақылы қабылдау — 9000 теңге Қабылдау күндері: Сейсенбі және бейсенбі 15:00–17:00 Кеңес беру және емдеу бағыттары: • Бас ауруы және бас айналу • Омыртқа және жүйке жүйесі аурулары • Балалардағы неврологиялық мәселелер •…

20 жылдық тәжірибесі бар балалар невропатологы – балаңыздың денсаулығы сенімді маманның қолында

Егер балаңыз: • себепсіз жиі жыласа; • ұйқысы бұзылса; • дамуында кешеуілдеу байқалса; • сөйлеу немесе қимыл-қозғалысында қиындықтар болса; • бас ауруына шағымданса немесе тез шаршайтын болса, онда маманның кеңесіне уақытылы жүгінгеніңіз дұрыс. «Тоқтамыс» оңалту орталығында 20 жылдық тәжірибесі бар балалар невропатологы Әлібекова Бақытжан Әлібекқызы қабылдау жүргізеді. Білімі мен кәсіби тәжірибесі: * С.Ж. Асфендияров атындағы…

Логомассаж-баланың анық сөйлеуіне алғашқы қадам!

Балаңыз дыбыстарды анық айтпай ма, сөзі түсініксіз бе немесе ұзақ уақытқа дейін сөйлей алмай жүр ме? Мәселе өздігінен шешіледі деп күтпеңіз. Түзету жұмыстары неғұрлым ерте басталса, балаңыздың дұрыс сөйлеуді меңгеруі соғұрлым жеңіл әрі жылдам болады. Логомассаж – тіл, ерін, ұрт және сөйлеу аппаратының бұлшықеттеріне әсер ететін тиімді әдіс. Ол сөйлеу мүшелерінің жұмысын жақсартып, дыбыстардың дұрыс…

Тұрақты шаршау мазалай ма?

Таңертең оянған сәттен-ақ өзіңізді әлсіз сезінесіз бе? Тіпті түні бойы ұйықтасаңыз да, таңертең шаршаңқы күйде оянасыз ба? Тұрақты әлсіздік, ұйқышылдық, бастың ауырлығы, бас ауруы, зейіннің төмендеуі және бойдағы әлсіздік күнделікті жағдайға айналды ма? Сіз мұны күйзеліс, эмоционалдық қажу, депрессия немесе жай ғана шаршау деп ойлайсыз ба? Ал шын мәнінде, мәселенің себебі мүлде басқа болуы мүмкін……