«Тоқтамыс» оңалту орталығының қызметкерлері өз кәсіби деңгейін үнемі жетілдіріп, медициналық саладағы заманауи талаптарға сай білім алуға ерекше мән береді. Орталықтың маманы Рахымбек Амина Даниярқызы 2025 жылдың 20 қазанынан 3 қарашасына дейін «Республикалық Медициналық Академиясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Сестринское дело в функциональной диагностике» бағыты бойынша 120 сағаттық біліктілікті арттыру курсынан өтті. Бағдарлама «Лечебное дело (фельдшер, фельдшер общей практики) + парамедик» мамандығы аясында ұйымдастырылды. Бұл оқу қызметкердің кәсіби шеберлігін арттырып, функционалдық диагностика саласындағы білімін кеңейтуге және пациенттерге сапалы қызмет көрсету деңгейін жаңа сатыға көтеруге мүмкіндік берді. «Тоқтамыс» ұжымы Амина Даниярқызын біліктілікті сәтті арттыруымен құттықтап, алдағы кәсіби жетістіктеріне табыс тілейді!
Tags: slider-ru







