«Тоқтамыс» орталығының қызметкері Альханова Жаныл «Заманауи дамытушы, реабилитациялық, компенсаторлық және көмекші құрал-жабдықтар: мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған» атты арнайы оқу-семинарына қатысып, кәсіби біліктілігін арттырып келді.
Аталған семинар 2025 жылғы 27–28 қарашада Алматы қаласында өтіп, оқыту бағдарламасын педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «САТР орталығы» ЖШС директоры Сүлейменова Р. А. жүргізді.
Семинар барысында қатысушылар жаңа үлгідегі реабилитациялық әрі дамытушы жабдықтармен, инновациялық түзету әдістерімен, сондай-ақ ерекше білім беруді қажет ететін тұлғаларға арналған заманауи реабилитациялық тәсілдермен танысты. Оқыту процесінде ұсынылған әдістемелік және практикалық материалдар орталық қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін жетілдіруге, қызмет көрсету сапасын арттыруға және тәрбиеленушілерге көрсетілетін көмектің тиімділігін жоғарылатуға мүмкіндік береді.
«Тоқтамыс» орталығы қызметкерлердің үздіксіз кәсіби дамуына ерекше назар аударады. Ұжымға жан-жақты даму үшін барлық қажетті жағдай жасалып, заманауи технологиялар мен жаңашыл әдістерді енгізу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Қызметкерлердің алған білімдерін практикалық қызметте қолдануы орталықтың жалпы жұмыс нәтижелерін жақсартуға және сапалы қызмет көрсетуге өз үлесін қосады.







