Біздің орталықтың дәрігерлері тек практикалық жұмыспен ғана шектелмей, ғылым саласында да өздерін жоғары деңгейде көрсетіп келеді. Соның айқын дәлелі ретінде, жақында орталығымыздың дәрігер-реабилитологы Алибек Ернар Николаевич II Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға («Реабилитация және спорттық медицинадағы заманауи үрдістер», 13–14 қараша 2025 ж.) қатысып, өзінің ғылыми жұмысын ағылшын тілінде ұсынып, кәсіби біліктілігі мен ғылыми зерттеуге деген ынтасын танытты. Оның еңбегі I дәрежелі дипломмен бағаланды («Жас ғалымдар» номинациясы).
Біздің орталықтың дәрігерлері практикамен қатар ғылымды да ұштастырып, өз кәсібилігін үнемі дамытып, реабилитация саласының сапасын арттыруға үлес қосып келеді. Осындай ғылыми белсенділік — мамандарымыздың үздіксіз ізденісте екенін және халықаралық деңгейде білімін жетілдіріп жүргенін көрсетеді. Сонымен қатар, ғылыми конференцияларға қатысу, зерттеу жұмыстарын жүргізу және шетелдік мамандармен тәжірибе алмасу — орталығымыздың дамуына, жаңа әдістерді енгізуге және пациенттерге көрсетілетін көмектің сапасын арттыруға үлкен ықпал етеді. Біздің команда әрдайым алға ұмтылып, кәсіби деңгейін көтеру арқылы қоғамға пайдалы болуды басты мақсат етіп қояды.







