Тоқтамыс орталығында қуанышты жаңалық!
Тоқтамыс орталығында ерекше күтімді қажет ететін балаға көрсетілген жүйелі әрі кешенді қолдаудың нәтижесінде үлкен жетістікке қол жеткізілді. Бала біраз уақыт бойы ЛФК, емдік массаж және жеке оңалту бағдарламасынан тұрақты түрде өтті.
Мамандардың кәсіби еңбегі мен ата-анасының қолдауының арқасында бала өз бетімен жүріп, алғашқы қадамдарын жасай бастады. Бұл біздің орталық үшін де, отбасы үшін де үлкен қуаныш болды.
Осы қуанышты оқиғаның құрметіне орталықта тұсаукесер рәсімі өткізілді. Қазақ халқының игі дәстүрі бойынша жасалған тұсаукесер – баланың жаңа қадамына ақ тілектермен береке-бақыт тілейтін ерекше сәт.
Тоқтамыс орталығы әрбір баланың дамуындағы жетістікті үлкен жеңіс деп қабылдайды. Біз балалардың денсаулығын жақсартуға, қозғалыс дағдыларын нығайтуға және олардың сенімді, белсенді қадам жасауына бар күшімізді салуды жалғастырамыз.







