Шала туылған балалар күніне орай «Тоқтамыс» балаларды оңалту орталығында әр жыл сайын ұйымдастырылатын «Ашық есік күні» өтті. Бұл күндері кішкентай пациенттер орталықтың жетекші мамандарынан тегін қабылдау мен кеңес алу мүмкіндігіне ие болды. Күні бойы балаларға реабилитологтар, кардиолог, неонатолог, травматолог, невропатолог, пульмонолог қабылдау жүргізіп, кеңестерін берді.
Әрбір балаға кешенді тексеру жүргізіліп, толыққанды консультация берілді, сондай-ақ ары қарай бақылау, реабилитация және даму бойынша жеке ұсыныстар ұсынылды. Орталығымыздың мамандары ата-аналарға шала туған балаларды қолдаудың заманауи әдістерін, әртүрлі аурулардың алдын алу және емдеу алгоритмдерін, сондай-ақ мұндай балаларға әр даму кезеңінде күтім жасаудың ерекшеліктерін түсіндіріп берді.
«Ашық есік күні» тек пайдалы шара ғана емес, сонымен бірге мамандарды, балаларды және олардың отбасаларын біріктірген жылы шырайлы, қолдаушы мереке болды.







