Медицина қызметкерлері бұрыннан қалыптасқан медициналық ақпараттық жүйелерде жұмысын әрі қарай жалғастыра беретініне атап өту маңызды.
Qalqan көрсетілген медициналық көмек туралы қажетті мәліметтерді ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алады, деректерді қайтадан қолмен енгізу қажеттілігі жоқ, әрі медицина қызметкерлері емдеу жұмысынан алаңдамайды.
Бірінші кезеңде медициналық көмекке төлем жасау процесін цифрлық платформаға көшіру жүргізілуде.
Бүгінгі таңда Qalqan арқылы төлем жасаудың толық циклі Астана қаласының үш медициналық ұйымы базасында жүргізілді. Төленген медициналық көмектің жалпы сомасы 2,97 млрд теңгені құрады.
🧪 Медициналық көмектің 92 түрі мен кіші тармақтарының 20-сы бойынша төлем жасаудың толық циклі сынақтан өтті.
Тағы 60 түрі мен кіші тармақ бойынша 16 медициналық ұйым базасында пилоттық сынақ жалғасуда. Сынақтан өткізу аяқталуына қарай пилоттық жоба кезең-кезеңімен кеңейтіле беретін болады.
«Тоқтамыс» оңалту орталығы
г. Семей, ул. Гоголя, 95
Жазылу үшін:
+7 (771) 929-12-75
+7 (777) 783-54-38 (WhatsApp)
Қоңыраулар қабылданады: 08:00-ден 18:00-ге дейін







