Әр санның артында уақтылы медициналық көмек пен тұрақты емді қажет ететін адам тағдыры тұр.
Суретте 2025 жылы қант диабеті мен орфанды аурулар бар пациенттерге көрсетілген көмек туралы деректер жинақталды: амбулаторлық және стационарлық ем, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету және қымбат бағалы терапия.
Бұл көрсеткіштер — жай ғана сандар емес. Олардың артында денсаулығын қалпына келтіруге мүмкіндік алған мыңдаған пациенттің өмірі, күнделікті күресі мен үміті тұр. Қант диабеті сияқты созылмалы ауруларда тұрақты бақылау, уақытылы диагностика және үздіксіз ем қабылдау асқынулардың алдын алуда маңызды рөл атқарады.
Ал орфанды аурулары бар пациенттер үшін қажетті дәрі-дәрмек пен заманауи терапияның қолжетімді болуы — өмір сапасын жақсартудың және өмірін ұзартудың маңызды факторы.
Денсаулық — ең үлкен құндылық. Ал уақытылы көрсетілген медициналық көмек — адам өміріне жасалған маңызды қадам.
Телефон арқылы қабылдау:
+7 (771) 929-12-75
+7 (777) 783-54-38 (WhatsApp)







