Достар! Сіздермен қуанышты жаңалығымызды бөліскіміз келеді!
Біздің «Тоқтамыс» балаларды оңалту орталығы 2026 жылғы 18–19 маусым күндері денсаулық сақтау саласындағы ұлттық сапа стандарттарының талаптарына сәйкестігі бойынша сыртқы аккредиттеуден сәтті өтіп, ЖОҒАРЫ САНАТҚА ие болды!
Бұл — бүкіл ұжымымыздың кәсібилігі, қажырлы еңбегі, бірлескен жұмысы және әрбір пациентке деген ерекше қамқорлығымыздың нәтижесі.
Біз үшін бұл — жетістіктеріміздің мойындалуы ғана емес, сонымен қатар алға ұмтылып, дамып, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға үлкен мотивация.
Әрбір қызметкерімізге еңбегі үшін, ал қымбатты пациенттерімізге бізге деген сенімі үшін алғысымызды білдіреміз!
Біз сіздер үшін дамып, одан әрі жақсы нәтижелерге ұмтыла береміз!
«ТОҚТАМЫС» орталығы
Мекенжайы: Семей қаласы, Гоголь көшесі, 95
Байланыс телефондары:
+7 (771) 929-12-75
+7 (777) 783-54-38 (WhatsApp)
Қоңыраулар 08:00–17:30 аралығында қабылданады.







