«Тоқтамыс» оңалту орталығында эпидемиолог-дәрігердің қатысуымен инфекциялық қауіпсіздік және медициналық жедел әрекет ету кодтары тақырыбында оқыту семинары өтті.
Кездесу барысында «Сары код» жарияланған кездегі әрекет алгоритмдері, инфекциялық аурулардың алдын алу шаралары, сондай-ақ АИТВ/ЖИТС, оның берілу жолдары және медицина қызметкерлері мен пациенттерді қорғау тәсілдері талқыланды.
Маман санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау, жеке қорғаныс құралдарын дұрыс пайдалану және төтенше жағдайларда уақтылы әрекет етудің маңыздылығы туралы жан-жақты ақпарат берді.
Осындай іс-шаралар қызметкерлердің кәсіби сауаттылығын арттырып, мекемедегі қауіпсіздік жүйесін нығайтуға ықпал етеді.







