«Тоқтамыс» оңалту орталығында қауіпсіздік мәселелері мен төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттер бойынша оқыту іс-шарасы өтті. Сабақ барысында қауіпті жағдайлар туындаған кезде қызметкерлерді жедел хабардар етуге және әрекеттерді үйлестіруге арналған медициналық жедел әрекет ету кодтары қарастырылды. Әсіресе «Қара кодқа» және пациенттер мен мекеме қызметкерлерінің қауіпсіздігіне қауіп төнген кездегі әрекет алгоритмдеріне ерекше назар аударылды.
Қызметкерлер ақпаратты жеткізу ережелерімен, эвакуация тәртібімен және төтенше жағдайлар кезіндегі міндеттерді бөлумен танысты. Практикалық бөлімде өрт сөндіргішті пайдалану бойынша оқыту, қауіпсіздік техникасы жөніндегі нұсқаулық және өрт кезіндегі әрекет ету дағдыларын пысықтау жұмыстары жүргізілді.
Осындай іс-шаралар қызметкерлердің кәсіби даярлық деңгейін арттыруға және орталықтағы пациенттер мен мамандар үшін қауіпсіз орта қалыптастыруға көмектеседі.







