«Тоқтамыс» орталығындағы салтанатты ашылу!
«Тоқтамыс» орталығында ересектер бөлімі, Aibi Coffee Room және жаңа акт залының ашылуы өтті.
Жаңа жағдайлар орталыққа келушілердің ыңғайлылығы, жайлылығы және жылы атмосфера қалыптастыру үшін жасалған.
Ересектер бөлімі қолдау мен көмек көрсету мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді, Aibi Coffee Room демалып, тамақтануға арналған жайлы орынға айналады, ал акт залы түрлі іс-шаралар мен кездесулер өткізу алаңы болады.
Ашылу салтанаты мерекелік әрі жылы атмосферада өтіп, баршаға көтеріңкі көңіл күй мен жарқын эмоциялар сыйлады.
Орталыққа өркендеу, табысты даму және жаңа жетістіктер тілейміз!







