Пациенттерді қолдау қызметіне қай кезде жүгіну керек?
Қызмет немен айналысады?
Медициналық көмектің сапасына ішкі талдау жүргізеді
Медициналық қызметтерді көрсету стандарттары мен тәртібінің бұзылуын анықтайды
Пациенттердің өтініштері мен шағымдарын қарайды және жағдайды сол жерде реттеуге көмектеседі
Қандай жағдайларда пациенттерді қолдау қызметіне жүгіне аласыз?
Учаскелік дәрігер болмаса, оған жазыла алмасаңыз немесе сізді қабылдаудан бас тартса;
Аумақтық принцип бойынша емханаға тіркелген болсаңыз да, учаскелік дәрігер/медбике немесе фельдшер медициналық көрсеткіштеріңіз бола тұра үйге шақыртуыңызға бармаса;
Бейінді маманның кеңесіне жазыла алмасаңыз, маман болмаса немесе оған бір айдан кейін жазылыңыз десе;
Медициналық көрсеткіштеріңіз бойынша тиісті диагностикалық немесе зертханалық қызметтерге жолдама берілмесе;
Жүргізілген тексерістің нәтижелерімен сізді таныстырмаса;
Диагноздың немесе тағайындалған емнің дұрыстығына күмәндансаңыз;
Көрсетілген медициналық көмектің сапасына көңіліңіз толмаса;
Дәрігер қабылдау кезінде дөрекілік танытса немесе өзін талапқа сай ұстамаса;
Өзіңіздің медициналық жазбаларыңызда қате деректерді немесе жазбаларды анықтасаңыз;
Жалпы медицина қызметкерлері мен медициналық ұйымның қызмет көрсету сапасына көңіліңіз толмаса.







