Құрметті достар!
Көрісу күні – адамдардың бір-бірімен кездесіп, амандық сұрасып, ізгі тілектер айтып, бір-біріне құрмет көрсететін ерекше мереке. Бұл күн татулық пен бірліктің, сыйластықтың белгісі.
Осыған орай орталығымызда Көрісу күні мерекесі аталып өтті. Ұлттық дәстүрді дәріптеген бұл мереке жылы әрі ерекше көңіл-күй сыйлады.
Осы мереке баршаңызға қуаныш сыйлап, әр шаңыраққа амандық, береке және бақыт әкелсін!







