«Тоқтамыс» балаларды оңалту орталығында қызметкерлерге арналған салтанатты іс-шара өтіп, жыл қорытындылары шығарылды.
Бұл күн әрбір маманның еңбегіне деген алғыс пен мақтанышпен өрілген ерекше сәт болды. Қызметкерлер түрлі номинациялар бойынша марапатталып, кәсібилігі, өз ісіне адалдығы және балаларға деген шынайы қамқорлығы үшін алғысқа бөленді.
Аталған шара жетістіктерді атап өтуге, ұжымдық рухты нығайтуға және күн сайын маңызды әрі жауапты еңбек етіп жүрген жандарға шынайы ризашылық білдіруге тамаша мүмкіндік болды.







