Құрметті достар!
Жаңа жыл қарсаңында біздің Орталығымызда мерекелік ертеңгілік өтті! Іс-шараға келген ең кішкентай қонақтарымыз бен олардың ата-аналары үшін көңілді шоу-бағдарлама дайындалды. Жаңа жылдық мерекенің ең жақсы дәстүрлері аясында балаларды Аяз ата, Ақшақар және басқа да ертегі кейіпкерлері құттықтады.
Ал жаңа жылдық мереке сыйлықсыз бола ма? Бұл күні кішкентай қонақтарымыздың ешқайсысы сыйлықсыз қалмады — барлығына тәттілер, түрлі сыйлықтар мен Аяз атадан естелік тарту етілді. Көптеген жылы лебіздер мен ақ тілектер айтылды. Сол ізгі тілектерге біз де — «Тоқтамыс» орталығының ұжымы — шын жүректен қосыламыз. Жаңа жыл баршаңызға жаңа жетістіктер, табыстар мен жеңістер әкелсін! Жаңа жылдарыңызбен, достар!
Іс-шараны қорытындылай келе, мерекелік кешті ұйымдастыруға көрсеткен қолдауы, белсенді қатысуы және жемісті ынтымақтастығы үшін серіктестеріміз бен демеушілерімізге шынайы алғысымызды білдіреміз:
@chocoboom.semey
@brend_pakety_semey
@kulikov_semey
Достарымыз — серіктестеріміздің арқасында біз ең жарқын идеяларды жүзеге асырып, кішкентай емделушілерімізге одан да көп қуанышты сәттер сыйлай аламыз!







