Қуанышты жаңалығымызбен бөлісеміз! 2025 жылдың 20 желтоқсанында орталығымыздың кеңеюіне байланысты, «Тоқтамыс» балаларға арналған оңалту орталығында Ali Pool Toqtamys @ali_pool_toqtamys және бассейнінің салтанатты ашылуы өтті.
Бұл – орталығымыздың дамуына жасалған тағы бір маңызды қадам. Енді біздің балалар үшін оңалту және сауықтыру мүмкіндіктері әлдеқайда кеңейіп, заманауи құрал-жабдықтар мен тәжірибелі мамандар арқылы қызмет көрсетуге мүмкіндік ашылды.
Орталығымыздағы әрбір жаңа бастама – балалардың денсаулығы мен қуанышын арттыруға арналған біздің ұдайы ұмтылысымыздың белгісі. Алдағы уақытта да біз балаларға арналған қолайлы, қауіпсіз және тиімді ортаны қалыптастыруға бар күшімізді саламыз.







