«Тоқтамыс» балаларға арналған оңалту орталығы ұлттық құндылықтарды дәріптеу, шығармашыл әрі дарынды балаларды қолдау бағытында жүйелі түрде жұмыс атқарып келеді. Орталық тәрбиеленушілері мен мамандары республикалық деңгейдегі байқауларда жоғары нәтижелерге қол жеткізуде.
2025 жылы Алматы қаласында өткен «Тәуелсіздік жұлдыздары» III республикалық рухани-патриоттық байқауында орталықтың шәкірттері жүлделі орындарға ие болып, арнайы марапаттарға ие болды.
Байқау қорытындысы бойынша:
• Өнер саласындағы жас дарындарды қолдауға қосқан үлесі үшін орталық маманы Алханова Жаныл Рахметуллаевна Құрмет грамотасымен және Алғыс хатпен марапатталды;
• Орталық тәрбиеленушілері:
• Мұхамедкәрім Алихан – ІІ дәрежелі лауреат;
• Мұқанова Мадина – ІІ дәрежелі лауреат атанды.
Бұл жетістіктер орталықта жүргізілетін сапалы педагогикалық, тәрбиелік және шығармашылық жұмыстың нәтижесі болып табылады.
«Тоқтамыс» орталығы алдағы уақытта да балалардың шығармашылық әлеуетін дамытуға, ұлттық өнер мен рухани құндылықтарды насихаттауға бағытталған жұмыстарды жалғастыра береді.







