Бүгін кішкентай батырымыздың өмірінде ерекше дәстүр – тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл – оның алғашқы нық қадамдарына бағыт беретін, қуанышқа толы сәт.
Балақай соңғы уақытта ЛФК, массаж және жеке реабилитация бағдарламаларына тұрақты қатысып, жақсы нәтижелерге жетіп келеді. Әр жетістігі — ата-анасының қолдауы мен мамандардың еңбегінің жемісі.
Бүгінгі тұсаукесер – оның жарқын болашағына арналған ақ тілектер мен ізгі ниеттердің белгісі.
Кішкентай батырды осы қуанышты сәтімен шын жүректен құттықтаймыз!
Қадамы нық, жолы ашық болсын. Өмірінде қуаныш, мықты денсаулық және үлкен жетістіктер серік болсын. Ата-анасының үмітін ақтайтын абыройлы азамат болып өссін. Біздің орталық әр баланың дамуын үлкен жетістік деп біледі және әрі қарай да оның өсуіне қолдау көрсете береді.







