Тоқтамыс орталығында қуанышты жаңалық!
Токтамыс орталығында ерекше күтімге мұқтаж балаларға көрсетілетін жүйелі әрі кешенді қолдау жұмысы жалғасуда. Біздін мамандар әрбір балаға жеке бағдарлама жасап, ЛФК, емдік массаж және оңалту әдістерін үйлестіріп, тұрақты түрде жұмыс жүргізуде.
Осы игі істің құрметіне орталықта тұсаукесер рәсімі өткізілді. Қазақ халқының дәстүрі бойынша жасалған тұсаукесер – баланың жаңа қадамдарына ақ тілектер айтып, береке-бақыт тілейтін ерекше сәт болды.
Тоқтамыс орталығы әрбір баланың дамуын, әр қадамын және жетістігін үлкен жеңіс ретінде бағалайды. Біз балалардың денсаулығын жақсартуға, қозғалыс дағдыларын дамытуға және олардың сенімді, белсенді болуына бар күшімізді салуды жалғастырамыз.







