Құмарова Алтынай Ержанқызы 2024 жылдың шілде айынан бастап Қалматаев атындағы медициналық колледжді тәмамдап, орталықта мейіргер болып қызмет атқарып келеді. Ол өз ісіне тиянақты, жауапкершілігі жоғары және пациенттермен қарым-қатынас орнатуда ерекше мейірімді маман.
2025 жылы «Семей медицина университетінде» кәсіби біліктілігін арттырып, «Массаж элементтері бар емдік дене шынықтыру» циклі бойынша 120 сағат көлемінде оқудан өтті. Сонымен қатар Германияның Kliniken Schmieder клиникасымен бірлесіп өткізілген вебинарға қатысып, «Организация нейрореабилитации в Германии» тақырыбы бойынша халықаралық сертификатқа ие болды.
Алтынай Ержанқызы — өз мамандығын сүйетін, үнемі білімін жетілдіріп отыратын және емдік дене шынықтыру мен оңалту бағытында кәсіби өсуге ұмтылатын білікті маман.







