МӘМС шеңберінде медициналық көмек алу тәртібі
✔️ Біріншіден, өзіңіздің алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымға тіркелген-тіркелмегеніңізді тексеріңіз.
Маңыздысы – сіз тіркелген емхана немесе клиника Медициналық сақтандыру қорының жеткізушісі болуы тиіс.
✔️ Екіншіден, емханаға жоспарлы түрде бармас бұрын учаскелік дәрігерге алдын ала жазылуды ұмытпаңыз.
✔️ Үшіншіден, қабылдауда учаскелік дәрігер қажет болған жағдайда сізді талдаулар тапсыруға, диагностикалық тексеруден өтуге немесе тар бейінді мамандардың кеңесіне жібереді.







