Семей қаласындағы «Тоқтамыс» балаларды оңалту орталығының оқушысы Ельшат Камила «Жеті өнер» шығармашылық орталығы ұйымдастырған «Алғыс саған, алтын күз!» атты V республикалық шығармашылық байқауына қатысып, өз дарыны мен ізденісінің арқасында БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болды!
Ельшат Камила «Көркем сөз» номинациясы бойынша ерекше өнер көрсетіп, көрермендер мен қазылар алқасының жоғары бағасын алды. Оның жетекшісі — Альханова Жаныл Рахметуллаевна, шәкіртінің жетістігіне үлкен үлес қосқан ұстаз ретінде аталып өтті.
Мұндай жетістіктер – балалардың шығармашылық қабілетін дамытудағы еңбектің, тұрақтылық пен сенімнің айғағы. «Тоқтамыс» орталығы ұжымын және Ельшат Камиланы осы жарқын жеңіспен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да өнер мен шабыт биігінен көріне беруге тілектеспіз!







