Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне енгізілген өзгерістер аясында маңызды жаңа норма қабылданды.
2026 жылдан бастап, соңғы 5 жыл ішінде өз бетінше және үзіліссіз жарна төлеген азаматтар жарналар уақытша тоқтатылған жағдайда да 6 айға дейін сақтандырылған мәртебесін сақтай алады.
Бұрын бұл мерзім 3 ай ғана болған.
Енді ол — 6 ай, бұл жүйеге тұрақты қатысқан азаматтарды әлеуметтік тұрғыдан қорғауға бағытталған әділ шешім.
Бұл норма мынаған мүмкіндік береді:
- Қиын кезеңде медициналық көмектен айырылмау;
- МӘМС жүйесінің тартымдылығын арттыру;
- Ортақ жауапкершілік моделін күшейту.
МӘМС жүйесіне қосылу бұрынғыдай қолжетімді:
Айына 4250 теңге немесе жылына 51 000 теңге.
МӘМС жүйесі әділеттілікке, әлеуметтік ынтымаққа және қолжетімділікке негізделген.







