2025 жылдың тамыз айында өткен республикалық «Дарынды балаға – талантты ұстаз» атты шығармашылық байқауында «Токтамыс» балаларды оңалту орталығының тәрбиеленушілері өздерінің дарындарын көрсетіп, бірнеше номинация бойынша жүлделі орындарға ие болды.
Қалмахамбет Алинур мен Жания домбырада күй орындап, «Домбырамен күй орындау (дуэт)» номинациясында ұлттық өнерді насихаттап, көркем орындаушылық шеберліктерін көрсетті. Серікұлы Мейір мен Айдынбек Алихан әсерлі әндерімен көрермендердің жүрегін жаулап алып, «Ән салу өнері» номинациясында жеңімпаз аталды!
Оқушыларды байқауға дайындаған ұстаздары – Жаныл Альханова шығармашылықтағы жетістіктері мен кәсіби еңбегі үшін алғыс хаттармен және Құрмет грамотасымен марапатталды.
«Токтамыс» орталығының ұжымы тәрбиеленушілерінің бұл жетістіктерін мақтанышпен атап өтіп, алдағы уақытта да шығармашылық биіктерден көріне беруіне тілектестік білдіреді.







