Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін тиімді ету және әділеттілікті қамтамасыз ету мақсатында заң қабылданды. 2026 жылдан бастап Медициналық көмектің бірыңғай базалық пакеті (МКБП) енгізіледі. Ол халыққа көрсетілетін қызметтер тізбесін нақтылап, қолжетімді әрі ашық етуге бағытталған.
Бұл Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі жолдауында берілген тапсырмасын іске асыру аясында жүзеге асырылады.
Не өзгереді?
ТМККК мен МӘМС нақты ажыратылады:
Мемлекеттік және сақтандыру бағдарламалары арасындағы қайталану жойылады. Бұл жүйенің ашықтығы мен тұрақтылығын арттырады.
Скринингтер мен диагностика баршаға қолжетімді:
Онкоскринингтер мен әлеуметтік мәні бар ауруларды ерте анықтау МӘМС мәртебесіне қарамастан барлық азаматтар үшін қолжетімді болады.
Сақтандырылмаған азаматтар қорғалатын болады:
Медициналық көмектің базалық қызметтері сақталады:
Емханаға алғашқы бару;
Вакцинация және скринингтер;
Әлеуметтік мәні бар ауруларға диагностика;
Жедел және шұғыл медициналық көмек;
Инфекцияларды емдеу, паллиативтік көмек, қан және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету.
Бұл не үшін маңызды?
Жүйе нақты сақтандыру моделіне жақындайды.
Әділеттілік пен медициналық көмектің қолжетімділігі артады.
Қаржылық тұрақтылық қамтамасыз етіледі.
Басты басымдық — әлеуметтік статуске қарамастан халықты МӘМС/пен толық қамту.







