«Тоқтамыс» балаларды оңалту орталығында медициналық мекемелердегі төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету жүйелері – «Қара код» және «Ақ код» тақырыбында оқыту семинары өтті.
Бұл іс-шара персоналдың қауіпсіздік қатері жағдайында әрекет етуге дайындығын арттыруға бағытталды. Семинарға қатысушылар жарылыс қаупі, террорлық актілер және басқа да төтенше жағдайлар кезінде қолданылатын «Қара код» дабыл жүйесімен, сондай-ақ пациенттер мен келушілердің агрессивті мінез-құлқын білдіретін «Ақ код» ұғымымен танысты.
Медициналық персоналдың ықтимал қауіп туындаған жағдайда әрекет ету алгоритмдеріне ерекше көңіл бөлінді. Үйлестіру, сақтық шараларын сақтау және жедел қызметтермен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Мұндай семинарларды өткізу мекеме ішіндегі қауіпсіз ортаны қалыптастыруға және қызметкерлердің стандартты емес жағдайларда сенімді әрекет етуіне жағдай жасауға бағытталған маңызды қадам болып табылады.







