2025 жылдың 18–20 маусым аралығында «Тоқтамыс» балаларды оңалту орталығының бір топ маманы Семей медицина университеті (SMU) ұйымдастырған «Метаболикалық аурулардың заманауи аспектілері: қант диабеті және артериялық гипертензия» атты ғылыми-білім беру семинарына қатысып, сәтті оқудан өтті.
Семинар бағдарламасы қант диабеті мен артериялық гипертензия сияқты кең таралған ауруларды диагностикалау, алдын алу және заманауи емдеу әдістеріне қатысты өзекті мәселелерді қамтыды. Ерекше назар балалар мен жасөспірімдердегі метаболикалық синдромдарға және олардың созылмалы аурулардың дамуындағы рөліне аударылды.
Семинар 18 академиялық сағат көлемінде өткізілді және қатысушыларға ресми сертификаттар табысталды. Оқудан өткен мамандар қатарында – «Тоқтамыс» орталығының педиатр дәрігерлері, реабилитологтары және диетологтары бар.
Аталған іс-шараға қатысу мамандарымыздың біліктілігін арттыру жолындағы маңызды қадам болып, метаболикалық бұзылыстары бар балаларды оңалту мен сүйемелдеу жүйесіне озық әдістерді енгізуге мүмкіндік береді.







