Осы күндері орталығымыздың аға мейіргері – Наурызова Меруерт Тәнирбергенқызы – оқуды сәтті аяқтап, «Мейіргер ісі» мамандығы бойынша денсаулық сақтау саласындағы маман сертификатын ресми түрде алды. Сертификат Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Абай облысы бойынша департаменті тарапынан берілді. Бұл құжат Меруерт Тәнирбергенқызының медицина саласында қызмет атқаруға, клиникалық практикамен айналысуға құқығы бар екенін және оның екінші біліктілік санатына сай келетінін растайды.
Аталған сертификатты алу – оның кәсіби шеберлігінің жоғары деңгейде екенін, сондай-ақ ұжымымыздың үнемі даму мен балаларға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға деген ұмтылысын айқын көрсетеді. Біздің қатарымызда осындай білікті мамандардың болуы – зор мақтаныш. Меруерт Тәнирбергенқызының білімі мен тәжірибесі кішкентай пациенттеріміздің тиімді оңалуына өз септігін тигізетініне сенімдіміз. Әріптесімізді осы маңызды кәсіби жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!







