2026 жылғы 3 қазанда «Тоқтамыс» оңалту орталығында «Оңалтудағы сенсорлық интеграция: халықаралық тәжірибе және практикалық тәсілдер» тақырыбында мастер-класс ұйымдастырылды.
Іс-шараны «МУС» КЕАҚ және «Медициналық оңалту және неонатология» кафедрасы өткізді.
Мастер-кластың халықаралық спикері — Германиядан келген SES сарапшысы Эльке Янеке (Elke Jänecke), Джин Эйрс әдісі бойынша сенсорлық интеграциялық терапия қауымдастығының мүшесі.
Іс-шара барысында мамандар сенсорлық интеграцияның оңалтудағы заманауи бағыттарымен танысып, практикалық тәсілдерді талқылады. Сонымен қатар аталған әдістерді пациенттермен жұмыс барысында тиімді қолдану ерекшеліктеріне назар аударылды.
Мастер-классқа дәрігер-реабилитологтар, резиденттер, педагогтар, эрготерапевттер және ЛФК нұсқаушылары қатысты.
Осындай кәсіби кездесулер халықаралық тәжірибе алмасуға, мамандардың біліктілігін арттыруға және оңалту саласына заманауи әдістерді енгізуге маңызды мүмкіндік береді.







