Құрметті әріптестер, ардақты ұстаздар!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Ұстаздар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Сіздердің күнделікті атқарып жүрген еңбектеріңіз, төккен маңдай терлеріңіз, мейірімдеріңіз, сабырларыңыз және әр балаға деген сенімдеріңіз үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз!
Әр баланың бойындағы қабілетін байқап, оны дамытуға бағыт беру, кішкентай жетістігінің өзіне қуанып, қиын сәтінде қолдау көрсету — үлкен жүректі ұстаздың қолынан келетін игі іс. Сіздер шәкірттеріңізге білім нәрін беріп қана қоймай, өмір жолында дұрыс таңдау жасауға, арманына ұмтылуға, өзіне сенуге үйретесіздер.
Сіздердің еңбектеріңіз — балаларымыздың үлкен мүмкіндіктерге бастар жолы!
Бүгінгі шәкірт — ертеңгі ел азаматы. Ал сол азаматтың қалыптасуына үлес қосып жүрген ұстаздардың еңбегі өлшеусіз.
Құрметті ұстаздар!
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық пен бақ-береке, шығармашылық шабыт, кәсіби биіктер мен толағай табыстар тілейміз! Әр күніңіз шәкірттеріңіздің жетістігіне, алғысына және қуанышына толы болсын.
Еңбектеріңіз еленіп, абыройларыңыз асқақтай берсін! Шәкірттеріңіздің әрбір жетістігі сіздерге үлкен мақтаныш пен қуаныш сыйласын. Білім жолындағы ізденістеріңіз жемісті болып, жаңа бастамаларыңыз сәтті жүзеге ассын!
Ұстаздық жолдарыңыз әрдайым шуақты, еңбектеріңіз нәтижелі, мерейлеріңіз үстем болсын! Жүректеріңізге жылу, көңілдеріңізге қуаныш, еңбектеріңізге береке тілейміз.







