Орталығымызда Морзе құлау қаупін бағалау шкаласын (Morse Fall Scale, MFS) және балалардағы құлау қаупін бағалауға арналған Хампти-Дампти шкаласын (Humpty Dumpty Falls Scale, HDFS) қолдану бойынша оқыту өткізілді. Мадина Ижатқызының жетекшілігімен қызметкерлер құлау қаупін бағалау критерийлерімен, тәуекел тобына жататын пациенттер мен балаларды анықтау алгоритмдерімен, сондай-ақ қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және жарақаттанудың алдын алуға бағытталған профилактикалық шаралармен танысты.
Қосымша түрде медициналық құжаттаманы дұрыс толтыру, қауіп-қатерді бағалау нәтижелерін тіркеу және ақпараттық жүйелерге деректерді уақтылы енгізу мәселелері қарастырылды. Алынған білім медициналық көмектің сапасын арттыруға және пациенттердің қауіпсіздік деңгейін жақсартуға ықпал етеді.







