Қызметкерлер арасында эмоционалдық күйзелістің (кәсіби күйіп кетудің) алдын алу мақсатында тренинг өткізілді. Ашық әрі сенімді атмосферада әріптестер кәсіби шаршаудың белгілерін талқылап, өз тәжірибелерімен бөлісті және жұмыс барысында ішкі ресурсты сақтаудың жолдарын қарастырды.
Қатысушылар өзін-өзі реттеу әдістерін меңгеріп, релаксациялық жаттығулар орындады, күйзелісті төмендетудің тиімді тәсілдерін талдады. Сонымен қатар, өз эмоциялық жағдайын түсінуге бағытталған рефлексиялық тапсырмалар жүргізілді.
Тренинг әр қатысушыға өзіне көңіл бөлуге, психологиялық саулығын сақтаудың маңыздылығын сезінуге және күнделікті жұмыс барысында қолдануға болатын пайдалы құралдар алуға мүмкіндік берді.







