Мәмс жүйесі: ол туралы не білеміз?
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі:
• жинақтаушы емес
• мәмс медициналық қызметтеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз етеді
• жарналар мен аударымдардың мөлшеріне байланысты емес
Мәмс жүйесінде сақтандыру мәртебесі жоқ пациенттер:
• медициналық қызметтерді кепілдендірілген көлем шеңберінде ала алады
• мәмс пакетінде медициналық қызметтерді ала алмайды
Мәмс негізгі қағидаттары:
• ҚР Мәмс туралы заңнамасын сақтау және орындау
• аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеу міндеттілігі
• мемлекеттің, жұмыс берушілердің және азаматтардың ортақ жауапкершілігі
• көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасы
• қор активтерін Мәмс жүйесінде медициналық көмек көрсетуге ғана пайдалану
• қор қызметінің жариялылығы
Қандай санаттар жарналар мен аударымдарды төлеуден босатылады
ҚР азаматтарының 14 санаты үшін МӘМС жарналарын мемлекет төлейді, оның ішінде:
1)балалар
2)жұмыс істемейтін жүкті әйелдер
3)баланы 3 жасқа толғанға дейін тәрбиелеп отырған жұмыс істемейтін адам
4)жүктілікке және босануға байланысты демалыста жүрген, бала 3 жасқа толғанға дейін оның күтімі бойынша адамдар
5)жұмыс істемейтін, мүгедектігі бар баланы (мүгедектігі бар балаларды) тәрбиелеп отырған анаға немесе әкеге, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) тағайындалатын және төленетін мемлекеттік жәрдемақыны алушылар 6) жұмыс істемейтін, бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасауды жүзеге асыратын адамдарға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны алушылар
6)зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері
7)зейнетақы төлемдерін алушылар, оның ішінде Үлы Отан соғысының ардагерлері:
8)қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (қауіпсіздігі барынша төмен мекемелерді қоспағанда) сот үкімі бойынша адамдар;
жазасын өтеп жатқан
9)тергеу изоляторларындағы адамдар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар; 10) жұмыс істемейтін қандастар;
11)«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ және II дәрежелі ордендерімен наградталған көпбалалы аналар;
«Ана данқы»
12)мүгедектігі бар адамдар;
13)орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұнымдарында күндізгі оқу нысанында білім алын жатқан адамдар;
14)мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушы жұмыс істемейтіндер үшін Қазақстан Республикасының бюджет заннамасында айқындалатын ағымдағы айдың алғашқы бес жұмыс күні ішінде төленеді.
ҚР азаматтарының 2 санаты үшін МӘМС жарналары жергілікті бюджет қаражатынан төленеді:
1)субсидияланатын жұмыс орындарына орналастырылған немесе жұмыс берушінің жұмыс орнында кәсіптоқытуға адамдарды қоспағанда, жұмыссыз ретінде тіркелген адамдар;
жіберілген
2)осы Заңның 26-бабының 1-тармағында аталған адамдарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес соңғы үш ай бойы міндетті зейнетақы жарналарын аудармаған және әлеуметтік саламаттылықтың дағдарыстық немесе шұғыл деңгейіне жататын жұмыс істемейтін адамдар үшін толенеді.
2026 жылғы МӘМС төлемдері
Жұмыс берушілер
Аударымдар (121 ТТК) – қызметкерлердің табысының 3%, жұмыс берушінің есебінен, есептеу объектісі 40 ЕТЖ-дан аспайды (3,4 млн теңге)
Жарналар (122 ТТК) – қызметкерлердің жалақысынан 2%, есептеу объектісі 20 ЕТЖ-дан аспайды (1,7 млн теңге)
Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша қызметкерлер
Жарналар (122 ТТК) – табыстың 2%
Есептеу объектісі ең төменгі жалақының 20-дан аспайды
ЖК және жеке практикамен айналысатын тұлғалар
Жарналар (122 ТТК) – ең төменгі жалақының 1,4 мөлшерінен 5% – 5 950 теңге
Дербес төлеушілер
Жарналар (122 ТТК) – ең төменгі жалақының 5% – 4 250 теңге
Бірыңғай төлем төлеушілер
Қызметкердің табысынан 24,8% мөлшерінде ұсталып, бір сомамен аударылады.
Мемлекеттік корпорация осы соманың 12,1%-ын МӘМС-ке аударымдар ретінде, 8,1%-ын жарналар ретінде бағыттайды
Өзін-өзі жұмыспен қамтыған үшін арнайы салық режимін қолданатын жеке тұлғалар
(платформалық жұмыспен қамту)
Жарналар (122 ТТК) – салық режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру кезеңіндегі ай сайын алынған табыстың 1%-ы
Сақтандыру мәртебесін беру
Мәртебесі
«Сақтандырылған»
Медициналық қызметтерді тұтынушының мәртебесі (сақтандырылған):
• соңғы 12 айда жарналардың және (немесе) аударымдардың үздіксіз ай сайынғы түсімдері болған кезде
• МӘМС төлемдерінен төлеуден босатылған
Мәртебесі
«Сақтандырылмаған»
Сақтандыру мәртебесінің болмау себептері:
• соңғы 12 айда төленбеген кезеңдер бар (маусымдық қызметкер, ұзақ мерзімді аурухана, басқа жұмысқа ауысқан кезде)
• толық емес төлем (жұмысшылардың жарналары жоқ)
• ұзақ демалыс кезеңі дұрыс төленбеген
• жеңілдікті санат өзектендірілмеді
Қызметкерлердің ұзақ демалысы кезінде МӘМС төлемдерін төлеу алгоритмі
Қызметкерлердің жекелеген санаттарында ұзақ демалыс 56 күнді құрайды
Мысал келтірейік:
Демалыс 1 шілдеден 25 тамызға дейін.
Осы кезеңде демалыс сомасы 168 000 теңге мөлшерінде есептелді
(56 күнде)
Яғни демалыс күндері
шілденің 31 күні мен тамыздың 25 күніндегі кірістен есептеледі және тиісінше осы кірістерден МӘМС жарналары мен аударымдарын төлеу қажет
Демек, қызметкердің шілде айындағы демалыс табысы
93000 теңгені,
ал тамыз айындағы демалыс табысы
75000 теңгені құрады
Дұрыс:
төлем тапсырмасына қосымша
1-жол: шілде айындағы аударымдар (КНП 121) – 2790,
шілде айындағы жарналар (КНП 122) – 1860 теңге;
2-жол: тамыз айындағы аударымдар (КНП 121) – 2250,
тамыз айындағы жарналар (КНП 122) – 1500 теңге
Қызметкердің 12 төлемі бар → мәртебесі сақтандырылған
Қате:
шілде айындағы аударымдар (КНП 121) – 5040,
шілде айындағы жарналар (КНП 122) – 3360 теңге;
тамыз айындағы аударымдар мен жарналар тізімделген
Қызметкердің 11 төлемі бар → мәртебесі сақтандырылмаған
Ұзақ мерзімді демалыстардан төлемдерді дұрыс төлемеудің салдары
Өткізіп алған жарна сақтандыру мәртебесі үшін ескерілмейді, соның салдарынан МӘМС-те медициналық көмек қолжетімсіз болады
Демалыс парағы кезеңдері үшін МӘМС төлемдерін жүргізу алгоритмі
Шілдеден қыркүйекке дейінгі кезеңдегі демалыс парағы үшін
Қыркүйек айында демалыс парағы бойынша төлемді
шілдеден қыркүйекке дейінгі кезеңге төлейді
Шілде және тамыз айларын жұмысшы
дербес төлеуші ретінде төлейді
Төлемақысыз демалыс күні үшін МӘМС төлемдерін төлеу алгоритмі
Төлемақысыз демалысты екі айға алғанда
Сізде есептелген табыс болмайды,
сондықтан сіз үшін МӘМС төлемейміз
Жұмысшы дербес төлеуші ретінде төлейді
Халыққа арналған байланыс арналары
Қорға қалай жүгінуге болады?
✓ Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы
✓ Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының ресми сайты
Жарнаны қалай төлеймін?
✓ Екінші деңгейдегі банктің кез келген бөлімшесі
✓ «Қазпошта» АҚ
✓ Kaspi Bank, Halyk Bank, Банк орталығы,
Кредит, Freedom Bank, Bank Bereke
мобильді қосымшалары
✓ Өзіне өзі қызмет көрсету терминалдары арқылы
Kasca 24 және Qiwi кошелек
Мәртебемді қалай тексеруге болады?
✓ Telegram-бот @Saqtandyrubot
✓ Egov порталында (денсаулық сақтау – медициналық қызметтер туралы және МӘМС-ке аударылған сомалар туралы ақпарат)
✓ Қордың ресми сайтында
✓ Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы







