«Тоқтамыс» реабилитациялық орталығында «Мәңгілік Ел – Тәуелсіз Қазақстан» атты мерекелік іс-шара өтті
«Тоқтамыс» реабилитациялық орталығында Ұлттық мерекеміз — Республика күніне арналған «Мәңгілік Ел – Тәуелсіз Қазақстан» атты танымдық-мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында қатысушылар патриоттық әндер шырқап, өлеңдер оқыды, балалар өз өнерлерін көрсетіп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
«Тоқтамыс» ұжымы барша қазақстандықтарды Республика күнімен шын жүректен құттықтайды!
Тәуелсіздік — ел болашағының темірқазығы, халықтың рухани қуаты мен бірлігінің нышаны.
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, ғылым мен білім, медицина мен әлеуметтік саладағы жетістіктеріміз еселене берсін.
Мәңгілік Ел — жарқын болашақтың кепілі!







