«Тоқтамыс» реабилитациялық орталығы — екі жыл қатарынан «Жылдың медициналық мекемесі»!
Семей қаласындағы «Тоқтамыс» реабилитациялық орталығы халықтың сенімі мен ыстық ықыласының нәтижесінде
2025 жылы «Abai Juldyzy» халықтық Insta-премиясында «Жылдың медициналық мекемесі / клиникасы»
аталымында жеңімпаз атанды!
Айта кетсек, бұл — екінші жыл қатарынан иеленген марапат. 2024 жылы да орталығымыз дәл осы номинация бойынша «Жылдың медициналық мекемесі» атағын иеленген болатын. Бұл жетістік — тек қажырлы еңбектің емес, жүрекпен жасалған қызметтің, адам жанына шын шипа сыйлауға деген адал ниет пен мейірімнің жемісі.
Біздің әрбір ісіміздің өзегінде — мейірім, жауапкершілік және кәсібилік жатыр. Осы биік марапат — өз ісіне адал, халыққа шын көңілмен қызмет ететін ұжым еңбегінің жоғары бағалануы. Құрметті әріптестер, қымбатты “Тоқтамыс” ұжымы, қадірлі ата-аналар мен сүйікті бүлдіршіндер!
Бүгінгі жеңіс – біздің бәріміздің ортақ қуанышымыз!
Инста-премияда жеңімпаз атану – бұл тек орталығымыздың жетістігі емес, бұл әрбір қызметкердің, әрбір ата-ананың және әрбір баланың еңбегінің нәтижесі. Біз бұл марапатқа бірліктің, сенімнің және адам жанына деген шынайы қамқорлықтың арқасында жеттік. Тireнбей еңбек еткен ұжымымның әр мүшесіне, өз баласының болашағы үшін күрескен ата-аналарға және күн сайын кішкентай қадаммен үлкен жеңіске ұмтылған біздің бүлдіршіндерге шын жүректен алғыс айтамын!
Сіздердің үміттеріңіз – бізге шабыт, сіздердің сенімдеріңіз – біздің күшіміз.
Әрбір кішкентай жетістік – үлкен жеңіс екенін біз бүгін тағы бір дәлелдедік.
“Тоқтамыс” орталығы – тек емдеу мен оңалту орны емес, ол – үміт пен мейірімнің мекені.
Біз балаларымыздың жарқын болашағы үшін бірге еңбек етіп келеміз және бұл жеңіс – сол еңбектің жемісі.
Барлығыңызға алғыс білдіремін!
Жаңа биіктерге бірге қадам басайық!







