1. УЧАСКЕЛІК ДӘРІГЕРГЕ ЖҮГІНУ.
2. КӨРСЕТІЛІМДЕР БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА ОФТАЛЬМОЛОГҚА ЖОЛДАМА АЛУ.
3. БАСТАПҚЫ ТЕКСЕРІСТЕН ӨТУ
(ОКТ, биомикроскопия, циклоскопия).
4. ЕМДЕУ ФОРМАТЫН ТАҢДАУ:
✅ Амбулаторлық-поликлиникалық көмек, диагностика;
✅ Күндізгі стационар — көз бұршағын ауыстыру және басқа операциялар;
✅ Тәулік бойы стационар — глаукома кезінде лазерлік түзету және т.б.
ЖОСПАРЛЫ ГОСПИТАЛДАУ (КӨРСЕТІЛІМДЕР БОЙЫНША):
✅ Дәрігер жолдама береді
✅ Дәрігермен бірге клиниканы таңдайсыз
✅ bg.eisz.kz сайтынан жолдама аласыз
ОСМС жүйесі арқылы офтальмологиялық көмек алу жолы
ОСМС жүйесінде офтальмологиялық көмек көрсететін медициналық ұйымдар қызметті үш негізгі бағыт бойынша ұсынады:
1. Амбулаториялық жағдайда көмек – офтальмологтың қабылдауы мен тексеру (диагностика) процедуралары, ауруханаға жатқызусыз жүргізіледі.
2. Күндізгі стационарда көмек – мысалы, көздің линзасын (хрусталик) ауыстыру операциясы жасалуы мүмкін. Пациент күндіз ем қабылдап, арнайы палатада демалады.
3. Тәулік бойы бақылау жүргізілетін стационарда көмек – неғұрлым күрделі операциялар, мысалы глаукома кезінде лазерлік түзету жасалады.
Пациенттің жүру бағыты карусельде көрсетілген.
Толығырақ ақпаратты @msqory_abai парақшасынан біле аласыз.







