Бұл жаста балалардың қозғалыс қабілеті мен өз бетінше әрекет ету дағдылары қалыптасады. Олардың ұсақ және ірі моторикасын дамыту өте маңызды.
🔸 Іс-қимыл әрекеттері:
-
Киімді шешу (қалпақ, шұлық)
-
Қасықпен тамақтану, суды ыдыстан ішу
-
Қол жуу, сүрту, бет сүрту
-
Қоқысты орнына салу, ойыншықтарды жинау
-
Ата-ананы сөзбен немесе ишарамен шақыру
-
«Сәлем» беру, «Қош бол» деп қол бұлғау
-
Айнадан өзін танып, мимиканы қайталау
🔸 Ұсақ моторика:
-
Үлкен кубиктерден құрастыру
-
Саусақпен бояу
-
Қысқыштарды қыстыру, жіпке моншақ тізу
-
Қағазды жырту, умаждау
-
Құммен немесе манкамен ойнау
🔸 Ірі моторика:
-
Түзу жолмен жүру, кедергілерден өту
-
Жүгіріп өту, отырып-тұру
-
Тепе-теңдік сақтау
-
Допты итеру, домалату
-
Баспалдақпен көтерілу, кедергілерден еңбектеу
-
Қорапқа кіріп-шығу (кеңістікті тану)







