Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесін жетілдіру бойынша жаңа заң қабылданды. Негізгі өзгерістердің бірі — медициналық көмектің сапасын бақылауды күшейту.
Заң аясында ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне (МФБК) қадағалау функциясы және жедел ден қою құқығы берілді.
Бұл нені білдіреді:
- Комитет өрескел бұзушылықтар анықталған жағдайда, ұзақ келісусіз немесе сот шешімін күтпестен жедел әрекет ете алады;
- Лицензиясыз немесе стандарттарды бұзып көрсетілетін заңсыз медициналық қызметке қарсы бақылау күшейтіледі;
- Пациенттердің қауіпсіздігі мен құқықтарын қорғау жақсарады;
- Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылаудың тиімділігі артады.
Бұл өзгерістер заңсыз қызметке жедел тосқауыл қоюға және елімізде қауіпсіз әрі сапалы медициналық жүйені қалыптастыруға бағытталған.







