«Тоқтамыс» балаларды оңалту орталығының ұжымы Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті міндеттер және цифрлық трансформация арқылы оларды шешу жолдары» атты Жолдауын онлайн форматта тыңдады.
Орталық қызметкерлері Мемлекет басшысының бастамалары өскелең ұрпақтың болашағы үшін аса маңызды екенін атап өтті. Заманауи технологиялар мен цифрландыру саласындағы реформалар білім беру, медицина және әлеуметтік қолдау бағыттарында жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Бұл – ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін де сапалы көмек пен қамқорлық қолжетімді бола түседі деген сөз.
Орталық ұжымы Президент жүргізіп жатқан реформалар Қазақстандағы балалар мен жастардың үйлесімді дамуына берік негіз болатынына сенім білдірді.






