«Тоқтамыс» балаларды оңалту орталығының эрготерапевт-психологы Манапова Аружан Мақсатқызы 2025 жылдың 2 шілдесі мен 2 тамызы аралығында «Семей медицина университетінде» өткен «Балаларды оңалтудағы эрготерапия негіздері» атты 120 сағаттық біліктілікті арттыру курсын сәтті аяқтады.
Аталған курс балаларды оңалтуда эрготерапия әдістерін тиімді қолдануға бағытталған. Бұл біліктілік арттыру – орталық мамандарының кәсіби дамуына және балаларға көрсетілетін көмектің сапасын арттыруға зор үлес қосады.







