«Тоқтамыс» орталығының тәрбиеленушілері Алматы қаласындағы республикалық байқаудың лауреаттары атанды!
25 маусым күні «Тоқтамыс» балаларды оңалту орталығының тәрбиеленушілері Алматы қаласында өткен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» атты республикалық байқауға қатысты. Бұл байқау еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған дарынды балалар мен олардың тәлімгерлерін біріктіріп, өскелең ұрпақтың шығармашылық әлеуетін көрсетуге үлкен мүмкіндік берді. «Тоқтамыс» орталығының тәрбиеленушілерінің байқауға қатысып қана қоймай, жоғары нәтижелерге қол жеткізгені біз үшін үлкен қуаныш. «Ән…










